Аудан мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясы өтті

Аудан мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясы өтті

2026 жылғы 31 шілде Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясы өтті. Сессияға мәслихат депутаттарымен бірге аудан әкімі Е.Байрахметов,  бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері,  мекеме басшылары қатысты. Мәслихат сессиясының отырысы онлайн режимде интернет желісінде трансляцияланды. 

Сессияда Алтынбел, Үлкен Нарын ауылдық округтері әкімдерінің өз құзыреті шегінде оларға жүктелген  функциялар мен міндеттерді орындауы  туралы есептері, Үлкен Нарын  ауданында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту туралы, Үлкен Нарын ауданында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру, спорт нысандарын салу және қалпына келтіру туралы, депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы және әртүрлі мәселелер қаралды.

Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Алтынбел,Үлкен Нарын ауылдық округтерінің әкімдері Н.Құрметов пен Д.Маратбеков есеп берді.

Осы мәселе бойынша жарыссөзге шыққан №1 сайлау округінің депутаты Р.Жомартов  Үлкен Нарын және Алтынбел ауылдық округтерінің 2025 жылғы және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы  өз құзыреті шегінде оларға жүктелген  функциялар мен міндеттерін орындау шеңберінде екі округте де  барлық негізгі бағыттар бойынша тұрақты оң динамиканы байқауға болатынын атап өтті.   

         Күн тәртібіндегі «Үлкен Нарын  ауданында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту туралы»  мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Б.Бидахметов баяндама жасады.   

         Осы мәселе бойынша жарыссөзге  шыққан №5 сайлау округінің депутаты Д.Веригин  ауданда агроөнеркәсіптік кешені тұрақты дамып келе жатқанын айта келе,  қойылған міндеттерге қол жеткізу және ауданның агроөнеркәсіптік кешенінің тиімділігін одан әрі арттыру үшін өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және ауыл кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі жұмыс өз жалғасын табу керектігін атап өтті.

         Күн тәртібіндегі «Үлкен Нарын ауданында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру, спорт нысандарын салу және қалпына келтіру туралы» мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Р.Ильясов ақпарат берді.

         Осы мәселе бойынша жарыссөзге №6 сайлау округінің депутаты  Ж.Жанабаев  жалпы, ауданда дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетінін айтты. 

        Депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы  комиссияның есепті кезеңдегі жұмысын таныстырды.

         Әр түрлі мәселелер блогындағы аудан бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Э.Акимбетова сөз сөйлеп, депутаттардың назарына 2026 жылға арналған аудан бюджетіне енгізілетін өзгерістерді ұсынды.

         Күн тәртібіндегі мәселелерді саралап қарап, талқылаудың нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданды.