
17.04.2026 жылы Үлкен Нарын ауданы мәслихатының депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Күн тәртібіндегі «Үлкен Нарын ауданында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» мәселе бойынша Үлкен Нарын АПБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі К.Абеновтің баяндамасы тыңдалып, талқыланды. Депутаттар тиісті сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Отырыс нәтижесінде ұсыныстар жасалып, тиісті қаулы қабылданды.