Үлкен Нарын ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының біріккен отырысы өтті

Үлкен Нарын ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының біріккен отырысы өтті

2026 жылғы 17 сәуірде Үлкен Нарын ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының біріккен отырысы өтті. Біріккен отырысты депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі  тұрақты комиссияның төрағасы Ж.Жанабаев жүргізді.

Күн тәртібінде: 2025 жылға арналған Үлкен Нарын ауданы бюджетінің атқарылуы туралы, 2025 жылғы Үлкен Нарын ауданы ауылдық  округтерінің бюджеттерінің атқарылуы туралы, Үлкен Нарын ауданында ветеринария саласындағы мемлекеттік саясаттың  іске асырылуы туралы және әртүрлі мәселелер қаралды.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес, 2025 жылғы Үлкен Нарын ауданы бюджетінің атқарылуы туралы есеппен ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Э.Акимбетова таныстырды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Алтынбел, Новополяковка, Ново-Хайрузовка, Солдатово, Солоновка, Үлкен Нарын ауылдық округтерінің әкімдері есеп берді.

Депутаттар Үлкен Нарын ауданында ветеринария саласындағы мемлекеттік саясаттың  іске асырылуы туралы мәселені сессияда қарау туралы қаулы қабылдады.