Аудан мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясы өтті

Аудан мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясы өтті

2026 жылғы 17 сәуірде Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясы өтті. Сессияға мәслихат депутаттарымен бірге аудан әкімінің міндетін атқарушы Б.Бидахметов, Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Д.Касенов, аудан бөлімдерінің басшылары, ауылдық округ әкімдері, республикалық, облыстық бағыныстағы басқарма басшылары қатысты. Мәслихат сессиясының отырысы онлайн режимде интернет желісінде трансляцияланды. 

Сессияда Үлкен Нарын ауданының және ауылдық округтердің 2025 жылғы  бюджеттерінің атқарылуы туралы, Үлкен Нарын ауданында ветеринария саласындағы мемлекеттік саясаттың  іске асырылуы туралы және әртүрлі мәселелер қаралды.

        Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Үлкен Нарын ауданы әкімінің міндетін атқарушы Б.Бидахметов 2025 жылға арналған Үлкен Нарын ауданы бюджетінің орындалуы туралы есеп берді. Багжан Мухамедсериковичтің баяндамасына сәйкес, есепті кезеңде аудан бюджетінің меншікті кірістері 115,2 %-ға орындалып, жоспарланған 2 165,0 млн теңгенің орнына нақты 2 493,2 млн теңге түскен. Жоспардан тыс түсімдер 328,2 млн теңге бірқатар заңды тұлғалардың аудан аумағында қайта тіркелуінің нәтижесінде мүмкін болған.

Аудан бюджетінің шығыс бөлігі 99,8 %-ға орындалды: нақтыланған жоспар 7 346,3 млн теңге, орындалғаны 7 328,1 млн теңге.

2025 жылы қаржылық активтерді сатып алуға 38,9 млн теңге бөлініп, 100 % игерілді. «Нарын-КомхозСервис» КМК жарғылық капиталын ұлғайту арқылы 3 бірлік арнайы техника сатып алынған. Ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 2 203,6 млн теңге жоспарланып, 100 % игерілді. Уштөбе,  Алтынбел, Солдатово ауылдарының су құбырына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Жұлдыз ауылындағы су құбыры желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары биылғы жылы аяқталады. Үлкен Нарын ауылындағы жылу және онымен байланысты желілерді реконструкциялау жұмыстары басталды, ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту бойынша 6 жоба іске асырылған.

         Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Д.Касенов 2025 жылға арналған Үлкен Нарын ауданы бюджетінің атқарылуына қорытынды берді. Ол өз сөзінде аудан инфрақұрылым мен әлеуметтік сала бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізгенін, алайда, әсіресе ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптегі өндірістік көрсеткіштер жоспарлы мәндерден төмен болғанын, бұл өндірістің тиімділігі мен көлемін арттыру үшін агроөнеркәсіптік және өнеркәсіптік салалардағы стратегияларды түзету қажет екенін атап өтті.

         Осы мәселе бойынша жарыссөзге шыққан №1 сайлау округінің депутаты Р.Жомартов  2025 жылы тұтастай алғанда аудан әлеуметтік саланы қаржыландыру, инфрақұрылымдық даму және экономиканы қолдау бойынша негізгі міндеттердің орындалуын қамтамасыз еткенін,  бюджеттің атқарылуы жүргізіліп жатқан бюджет және салық саясатына сәйкес орындалғанын атап өтті.

         Күн тәртібіндегі «Үлкен Нарын ауданында ветеринария саласындағы мемлекеттік саясаттың  іске асырылуы туралы»  мәселе бойынша Шығыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының «Катонқарағай-Вет» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының директоры Е.Калиахметов, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Т.Солтанбаев 

ақпарат берді. Баяндамашылардың мәліметіне сәйкес, мемлекеттік «Эпизоотияға қарсы» бағдарламасын орындау бойынша     бекітілген ветеринариялық- алдын алу және диагностикалық шаралар жоспарға сай орындалуда. Қазіргі уақытта аудан аумағында ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті жұқпалы аурулары бойынша қолайлы болып табылады, яғни, ауданда қандай да бір аса қауіпті аурулар бойынша ошақтар жоқ. Алайда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының өршу қаупі үнемі сақталады. 

         Осы мәселе бойынша жарыссөзге шыққан №5 сайлау округінің депутаты Д.Веригин ветеринариялық қызметтер, ауыл шаруашылығы құрылымдары және жергілікті атқарушы органның  үйлестірілген жұмысы ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы табыстың негізгі факторы екенін айтты.

         Күн тәртібіндегі әр түрлі мәселелер бойынша мәслихат төрағасы Ж.Сыдыкова сөйледі. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияның кұрамын бекіту туралы,  Үлкен Нарын ауданы әкімдігі жанындағы жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы, Алтынбел, Новополковка, Солоновка ауылдық округтерінің бюджетіне өзгеріс енгізу туралы,   Үлкен Нарын ауданы әкімінің жанынан құрылған тұрғын үй комиссиясының құрамынна өзгерістер енгізу туралы, Үлкен Нарын  ауданы бойынша жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту  туралы мәселелер бойынша шешімдер қабылданды. 

         Күн тәртібіндегі мәселелерді саралап қарап, талқылаудың нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданды.