
№ 5 сайлау учаскесінің депутаты Веригин Дмитрий Николаевич азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындар су тасқыны жағдайына қатысты, сондай-ақ әлеуметтік және тұрмыстық сипаттағы өзекті мәселелерін көтерді. Әрбір азаматқа тиісті түсіндірмелер мен кеңестер берілді.
Барлық көтерілген мәселелер назарға алынып, тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға депутаттық сауалдар жолданатын болады. Олардың орындалуы депутаттық бақылауға алынып, заңнамада белгіленген тәртіппен кезең-кезеңімен шешіледі. Нәтижелері бойынша азаматтарға қосымша ақпарат беріледі.