Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

      2026 жылғы 5 наурызда Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясы өтті. Оған мәслихат депутаттарымен бірге аудан әкімінің орынбасары Нұртуған Маратұлы, Үлкен Нарын ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы М.Магзиева, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Р.Нургалиев  қатысты.

     Сессияда  Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы  6 қыркүйектегі №5/41-VІІІ  «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы  мәселе қаралды.

     №845, №846,  №855, №857, №858, №859, №860, №861 учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан шығып кеткен мүшелерінің орнына  Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, Қазақстан халық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 9 кандидат ұсынды. Кандидаттар шешім жобасына енгізіліп, депутаттардың қарауына ұсынылды. Дауыс беру қорытындысы бойынша барлық кандидаттар жоғарыда аталған учаскелік сайлау комиссияларының мүшесі болып сайланды.