Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

     2026 жылғы 10 ақпанда Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс жиырма бірінші сессиясы өтті. Оған мәслихат депутаттарымен бірге аудан әкімі Елдос Байрахметов, аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, Үлкен Нарын ауданының экономика және қаржы  бөлімінің, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің басшылары,  «Amanat»партиясының Катонқарағай аудандық филиалының төрағасы қатысты.

     Сессияда  Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 18/191–VIІI «2026-2028 жылдарға арналған Үлкен Нарын ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Үлкен Нарын ауданының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылы әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы, Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 29 қарашадағы №8/72-VІІІ  «Үлкен Нарын ауданы әкімінің жанынан құрылған тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2025 жылғы 12 ақпандағы №10/106-VIII «Үлкен Нарын ауданының құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы»  шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2025 жылғы 12 ақпандағы №10/105-VIII «Үлкен Нарын ауданының терроризмге қарсы комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс жиырма бірінші сессиясының жұмысына үзіліс жариялау туралы мәселелер қаралды.

    Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Э.Акимбетова 2026 жылға арналған аудан бюджетіне енгізілетін өзгерістермен таныстырды.

     Күн тәртібіндегі мәселелерді саралап қарап, талқылаудың нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданды.