Дәрілік заттардың шекті бағаларына мониторинг жүргізілді

Дәрілік заттардың шекті бағаларына мониторинг жүргізілді

Ағымдағы жылдың 8 қаңтарында Үлкен Нарын ауданы Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан дәрілік заттардың шекті бағаларының сақталуына мониторинг жүргізілді.

Мониторингке қатысқандар:

аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы– Ережепов Б.К;

Қоғамдық кеңес мүшесі – Тоқсанова Л.Ж;

Қоғамдық кеңестің хатшысы — Нугуманова Ф.С.

Мониторинг «Восток-Ерасыл» ЖШС дәріханасында жүргізілді, басшысы-Атабаева Гаухар Тупаевна, мекенжайы: ШҚО, Үлкен Нарын ауылы, Аблайхан көшесі 57.

Мониторинг нәтижелері бойынша:

✔ нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылуы анықталған жоқ;

✔ дәрілік заттарға белгіленген шекті бағалар сақталған.

Қоғамдық кеңес тарапынан дәрілік заттардың бағасына қоғамдық бақылау жүргізу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.