Азаматтарды қабылдау жүргізілді

Азаматтарды қабылдау жүргізілді

     № 3 Үлкен Нарын сайлау округінің депутаты Т. Қамбаров «АMANAT»партиясының қоғамдық қабылдау ғимаратында азаматтарды қабылдауды жүзеге асырды.

     Қабылдау барысында көппәтерлі үйлерді жарықтандыруға, сондай-ақ ауылдың шетінде қауіпсіздік мақсатында камералар орнату қажеттілігі, бос жүрген иттерге қатысты, көшелерді қардан тазарту, сондай-ақ, Үлкен Нарын ауылындағы тұрғын үй аумағындағы қоқыстарды шығару мәселелері талқыланды.       

     Тұрғындар көтерген барлық мәселелер мұқият тыңдалды, тіркелді және кейіннен қарау және шешу үшін бақылауға алынды.