Жаңа жыл қарсаңында ауданымызда игі істің жарқын үлгісі болды.
Аудандық мәслихат депутаты Тоқтархан Қамбаров балаларға арнап шырша орнатып, сырғанақ жасап, мерекелік көңіл күй сыйлады. Шара барысында бүлдіршіндерге сыйлықтар таратылып, олардың жүзінде қуаныш пен шаттық көрінді.
Осындай қамқорлыққа толы, жүректен шыққан істер — елге үлгі, балаларға үлкен бақыт.
Тоқтархан Ерболатұлына игі бастамасы мен елге деген жанашырлығы үшін алғысымызды білдіреміз.
Балалардың күлкісі көп, болашағы жарқын болсын!