Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

2025 жылғы 23 желтоқсанда Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті. Оған мәслихат депутаттарымен бірге аудан әкімі Елдос Байрахметов, аудан әкімінің орынбасарлары, Үлкен Нарын ауданының экономика және қаржы  бөлімінің басшысы, Алтынбел, Новополяковка, Ново-Хайрузовка, Солдатово, Солоновка, Үлкен Нарын ауылдық округтерінің әкімдері, «Нарын таңы» газетінің тілшісі қатысты.

Сессияда  Алтынбел, Новополяковка, Ново-Хайрузовка, Солдатово, Солоновка, Үлкен Нарын ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы, 2025-2027 жылдарға арналған  Үлкен Нарын ауылдық округінің бюджеті туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы  мәселелер қаралды.

Ауылдық округтердің әкімдері депутаттарды алдағы үш жылдың бюджетімен оның ішінде 2026 жылға арналған кірістер мен шығыстардың жобасымен таныстырды.  Депутаттардың сұрақтарына жауап берді.

Үлкен Нарын ауылдық округінің 2025 жылға арналған бюджетіне енгізілетін өзгеріспен округ әкімі таныстырды.

Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылаудың нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданды.