Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

2025 жылғы 18 желтоқсанда  «AMANAT» партиясының аудандық филиалы ғимаратында Үлкен Нарын ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысты Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ережепов Бердібек Кийсинович ашып өткізді. Отырысқа қоғамдық кеңестін мүшелерімен бірге Үлкен Нарын ауданы мәслихатының төрағасы Сыдыкова Жанар Данелханқызы, Үлкен Нарын ауданы білім бөлімінің заңгері - Мирас Ғабитұлы және Үлкен Нарын ауданы экономика және қаржы бөлімінің басшысы - Акимбетова Эльвира Женисхановна қатысты.

Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:

🔹 Үлкен Нарын ауданының білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы және осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп тыңдалды;

🔹 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасы талқыланды;

🔹 Қоғамдық кеңестің 2025 жылғы жұмысының қорытындылары шығарылып, 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Қоғамдық кеңес жергілікті маңызы бар мәселелерді ашық талқылау, мемлекеттік органдар қызметінің жариялылығы мен қоғам тарапынан бақылауды қамтамасыз ету бағытындағы жұмысын жалғастырады.