
19.12.2025 жылы Үлкен Нарын ауданы мәслихатының депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Күн тәртібінде «Ново-Хайрузовка ауылдық округінде құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес шараларының іске асырылуы туралы» Ново-Хайрузовка ауылдық округінің әкімі Нурмолдин Рауан Қамбарұлының баяндамасы тыңдалып, талқыланды. Депутаттар тиісті сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Комиссия мүшелері тұрақты комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті. Отырыс нәтижесінде ұсыныстар жасалып, тиісті қаулы қабылданды.