
Құрметті отандастар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн – халқымыздың сан ғасырлық тәуелсіздікке ұмтылған арман-мұраты жүзеге асқан, еліміздің тарихындағы аса маңызды әрі тағдырлы күн. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан қоғамдық-саяси тұрақтылыққа қол жеткізіп, экономикасы дамыған, халықаралық аренада өз орны бар беделді мемлекетке айналды.
Еліміздің бүгінгі жетістіктері – бірлік пен татулықтың, ортақ жауапкершілік пен қажырлы еңбектің нәтижесі. Алдағы уақытта да Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болып, мемлекетіміздің дамуы жолында жаңа белестерді бағындыра береріне сенім мол.
Осы айтулы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір, отбасыларыңызға амандық, ал Қазақстан Республикасына тұрақты даму мен өсіп-өркендеу тілейміз.
Тәуелсіздігіміз мәңгі,
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!