Үлкен Нарын колледжіне - 90 жыл

Үлкен Нарын колледжіне - 90 жыл

Бүгін Үлкен Нарын үшін ерекше тарихи күн болды — аудандағы колледждің 90 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде атап өтілді.

Бұл оқу орны – талай ұрпаққа білім мен тәрбие берген, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан қарашаңырақ.

Мерейтой барысында колледждің өсіп-өркендеуіне айрықша үлес қосқан ардагер ұстаздар мен қызметкерлерге құрмет көрсетіліп, мерекелік медальдар мен алғыс хаттар табысталды. Олардың әрқайсысының еңбегі – біздің ортақ байлығымыз, жастарға қалдырған мол мұрамыз.

Сондай-ақ мерекелік шара аясында тамаша концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, аудан өнерпаздары мен колледждің шығармашылық ұжымдары өз өнерін паш етті. Жылы лебіздер, қуанышқа толы жүздер, шын көңілмен айтылған алғыс сөздер мерекеге ерекше сән берді.

90 жылдық тарих – бұл білім ордасының биік белесі. Алда колледжімізді жаңа жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктер күтіп тұр деп сенеміз.

Барша ұстаздар қауымына, ардагерлерге, колледж ұжымына зор денсаулық, табыс және шығармашылық жігер тілейміз! Үлкен Нарын жастары білімді, өр рухты, елінің болашағына жауапты азамат болып өссін!

https://www.instagram.com/reel/DRRuOewDZTJ/?igsh=N2l0MWdlNjQ0M3pp