
Құрметті ауыл шаруашылығы қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мереке – Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ауыл шаруашылығы – азаматтарымыздың өмір сапасына тікелей әсер ететін экономиканың басты салаларының бірі. Сіздердің тынымсыз, тіршілікке қажетті еңбектеріңіздің арқасында бүгінде отандық аграрлық сектор нық дамып келеді.
Бар өмірін туған жерге арнап жүрген сіздерге табысты еңбек және төккен тердің жемісін көруге тілектеспіз. Қажырлықпен атқарған жұмыстарыңыз жақсы нәтиже беріп, еккен дәндеріңіз көл-көсір өніммен қуантсын! Дендеріңізге саулық, бақыт, отбасыларыңызға береке тілейміз!