
24.10.2025 жылы Үлкен Нарын ауданы мәслихатының депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Күн тәртібінде «Үлкен Нарын ауылдық округінде құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес шараларының іске асырылуы туралы» Үлкен Нарын ауылдық округінің әкімі Маратбеков Даулет Маратбекұлының баяндамасы тыңдалып, талқыланды. Депутаттар тиісті сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Отырыс нәтижесінде ұсыныстар жасалып, тиісті қаулы қабылданды