
2025 жылғы 24 қазанда Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезекті он
алтыншы сессиясы өтті. Оған мәслихат депутаттары, аудан әкімі Е.Байрахметов, аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының басшысы, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, «Нарын КомХоз Сервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы, «Нарын таңы» газетінің тілшісі шақырылып, қатысты. Мәслихат сессиясының отырысы онлайн режимде интернет желісінде трансляцияланды.
Сессияда аудан әкімінің өз құзыреті шегінде оған жүктелген функциялары мен міндеттерді орындауы туралы, 2024-2025 жылдардағы жылыту кезеңінің қорытындысы мен 2025-2026 жылдарына дайындық барысы туралы, бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы және әртүрлі мәселелер қаралды.
Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Үлкен Нарын
ауданының әкімі Байрахметов Елдос Жанболатұлы баяндама жасап, есепті кезеңде ауданда атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқтатады. Ол өз сөзінде ағымдағы жыл аудан үшін ерекше маңызды кезең болып, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді тұрақтандыру мен халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында нақты шаралар жүзеге асырылғанын атап өтті.
Осы мәселе бойынша жарыссөзге шыққан №4 сайлау округінің депутаты
Ж.Сыдыкова ауданда атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқтала келе, аудан әкімінің есепті кезеңдегі жұмысына оң баға беріп, аудан әкімінің есебін бекітуді ұсынды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Үлкен Нарын ауданының
тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бас маманы Д.Шаухин ақпарат берді. Оның мәліметіне сүйенсек, Үлкен Нарын ауданында жылыту маусымына дайындық бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіліп, бүгінгі күні «Нарын КомХоз Сервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының қазандықтары 90% дайын, жылу желілерінің дайындығы 100% құрап, көмірдің 54 күндік қоры қалыптасқан.
Осы мәселе бойынша жарыссөзге шыққан №5 сайлау округінің депутаты
Ж.Веригин өз сөзінде өткен жылыту науқаны жедел басқарудан бастап техникалық орындауға дейін құрылған жүйенің тиімділігін көрсеткенін атап өтті. Биылғы жылыту мерзімінде атқарушы органның басты мақсаты- тіршілікті қамтамасыз ету және жылыту нысандарының қыс мезгілінде тұрақты жұмысын, әлеуметтік маңызы бар объектілерге жылу-энергияның үздіксіз берілуін қамтамасыз ету екенін баса айтып, жөндеу мен модернизацияға құйылған қаржылық инвестициялар ағымдағы маусымға төтеп беріп қана қоймай, болашақ кезеңдердегі тәуекелдердің алдын алуға да мүмкіндік беретініне сенімі барын айтты.
Бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму
мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның атқарған жұмысы бойынша комиссия төрағасы Д.Веригин есеп берді.
Үлкен Нарын ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы
Э.Акимбетова аудан бюджетіне енгізілетін өзгерістермен таныстырды.
Мәслихат төрағасы Ж.Сыдыкова күн тәртібіндегі әр түрлі мәселелер
блогындағы мәселелермен таныстырып, олар бойынша шешімдер қабылданды. Күн тәртібіндегі барлық мәселелерді саралап қарап, талқылаудың нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданды. Нормативтік құқықтық сипаттағы 4 шешім қабылданды.
Мәслихат аппараты
Аппарат маслихата