Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа Жолдауын талқылау бойынша жиын өтті. Іс-шараға «Amanat» партиясының өкілдері мен мәслихат қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында Мемлекет басшысының Жолдауда айқындалған негізгі басымдықтары жан-жақты талқыланып, ел дамуының стратегиялық бағыттары қарастырылды. Қатысушылар Жолдауда көрсетілген әлеуметтік-экономикалық міндеттердің халықтың әл-ауқатын арттыруға, саяси жүйені одан әрі демократияландыруға және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.
Сонымен қатар жиынға қатысушылар Президент бастамаларын іске асыруда әрбір азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігі маңызды екендігін ерекше атап өтіп, «Amanat» партиясы мен мәслихат тарапынан қойылған міндеттерді жүзеге асыруға толық дайын екендіктерін жеткізді.