2025 жылғы 22 тамызда Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс он бесінші сессиясы өтті. Оған мәслихат депутаттарымен бірге аудан әкімі Е.Байрахметов, аудан әкімінің орынбасарлары, Үлкен Нарын ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Э.Акимбетова, Үлкен Нарын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Кәрім, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Б.Каирканов, «Нарын Ком Хоз Сервис» КМК-ның басшысы М.Сулейменов, ауылдық округ әкімдері, «Нарын таңы» газетінің тілшісі қатысты. Мәслихат сессиясының отырысы онлайн режимде интернет желісінде трансляцияланды.
Сессияда Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 9/80–VIІI «2025-2027 жылдарға арналған Үлкен Нарын ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 4 шілдедегі № 4/23-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2025 жылғы 12 ақпандағы №10/107-VІІІ «Үлкен Нарын ауданының әкімдігі жанынан кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс он бесінші сессиясының жұмысына үзіліс жариялау туралы мәселелер қаралды.
Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Үлкен Нарын ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Э.Акимбетова ақпарат берді. Ол Үлкен Нарын ауданының бюджетін Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 11 тамыздағы № 23/188-VІІІ «Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №19/142-VIII «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі негізінде өзгерістер енгізу жолымен нақтылану үшін ұсынып отырғанын айтты.
Депутаттар әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын жаңа редакцияда қабылдады. Үлкен Нарын ауданының әкімдігі жанынан кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамына енгізілген өзгерістерді бекітті.
Күн тәртібіндегі мәселелерді саралап қарап, талқылаудың нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданды.