Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 13-бабына сәйкес, Үлкен Нарын ауданы мәслихатының бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі комиссиясының жоспарына сай 2025 жылдың 24 маусымында сағат 1100-де аудандық мәдениет үйі «Үлкен Нарын ауданының мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығы» КМҚК-ның ғимаратында «Үлкен Нарын ауылдық округінің санитарлық тазалығы мен көркейту шаралары туралы» мәселе бойынша көпшілік тыңдау өткізіледі. Аталған мәселе бойынша ойларыңыз, пікірлеріңіз, ұсыныстарыңыз болса, Үлкен Нарын ауданы мәслихатына телефон арқылы, жазбаша хабарласа аласыздар.
Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан көшесі №116 үй, тел: 2-91-69, факс: 2-91-56, ұялы тел: 87053182504