Меню
Страницы

Көктемнің жылы лебімен келген бүгінгі Көрісу күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз!

Көктемнің жылы лебімен келген бүгінгі Көрісу күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті достар!

Көктемнің жылы лебімен келген бүгінгі Көрісу күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

Татулықтың, сыйластықтың белгісі 14 – наурыз «Амал» немесе «Көрісу» күні – қазақ халқының ертеден келе жатқан салт-дәстүрі. Бұл – елдің ырыс-ынтымағын арттыратын айрықша мейрам.

Көрісу – тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені, көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Ай бойы үзілмей жылға ұласатын бұл мерекеде үлкен-кіші ағайын сәлем берісіп, бір-біріне ренжіскен адамдар болса міндетті түрде кешірім сұрап, өкпе реніштерін ұмытып, амандық-саулық сұрасып көрісіп, өзара «Жаңа жыл құтты болсын!», «Ұлыс оң, ақ мол болсын!», «Амалдан амалға жете берейік» деп құт береке тілеседі. Ендеше бүгінгі келіп жеткен жыл баршаңызға құтты болып, бірліктің белгісіне, татулықтың таңбасына айналған қастерлі мереке әр шаңыраққа жақсылық, ырыс, несібесін молынан ала келсін деп тілеймін!

Олай болса, осынау игі күні бір - бірімізбен көрісіп, жақсы тілек айтайық.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты