Азаматтарды жеке қабылдау

Азаматтарды жеке қабылдау

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде Аршалы аудандық мәслихатының депутаты Б. Қытайбеков Елтоқ және Арнасай ауылдық округтерінде азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.

Қабылдау барысында тұрғындар 42-ші Разъездге кірме жолды толтыру, Арнасай ауылындағы автобус аялдамасын жөндеу, қаңғыбас иттер проблемасы, елді мекендерді абаттандыру,  сондай-ақ басқа да мәселелер бойынша бірқатар өзекті мәселелермен жүгінді.

Барлық айтылған өтініштер бойынша депутат тиісті түсініктемелер берді. Қосымша қарауды талап ететін мәселелер бойынша құзыретті мемлекеттік органдарға депутаттық сауалдар дайындалып, жіберілетін болады.