
Ағымдағы жылдың 29 мамырында Аршалы аудандық мәслихатының депутаты С. Корнев Михайловка ауылдық округінің Михайловка ауылында азаматтарды жеке қабылдады.
Қабылдау барысында ауыл тұрғындары елді мекенді абаттандыру бойынша бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жергілікті дәріхананың жұмыс істеуі, азаматтардың біріне құжаттарды қалпына келтіру, сондай-ақ елді мекенді газдандыру мақсатында жолдарды асфальттау, көшелерді жарықтандыру, өзен бойындағы аумақты жырту мәселелері талқыланды.
Барлық өтініштер бойынша түсініктемелер берілді, жекелеген мәселелер одан әрі қарау үшін бақылауға алынды.