
Ағымдағы жылдың 18 мамырында Аршалы аудандық мәслихатының депутаты Г. Ахимова «AMANAT» партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй қорынан тұрғын үй, жер учаскелерін беру, сондай-ақ басқа да әлеуметтік маңызды тақырыптар бойынша жүгінді.
Барлық өтініштер бойынша тиісті түсініктемелер мен кеңестер берілді, жекелеген мәселелер бақылауға алынды.