Кезектен тыс сессияның 52 отырысы

Кезектен тыс сессияның 52 отырысы

Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде аудандық мәслихат төрағасы Ә. Балташев ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Л. Асанованың және ауданның ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Г. Ивликовтың қатысуымен мәслихаттың 52 кезектен тыс сессиясын өткізіп, келесі мәселелерді қарау қорытындылары бойынша шешімдер қабылдады:

1) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 10/3 «Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2) Аршалы ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы;

3) Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 16/4 «Аршалы ауданы әкімдігі жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

4) Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 21 қарашадағы № 43/3 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.