Халықаралық жұмыс кездесуіне қатысу

Халықаралық жұмыс кездесуіне қатысу

Аршалы аудандық мәслихатының депутаты Қ.Х. Сабиев Өзбекстан мен Қырғызстан өкілдерінің қатысуымен Астана қаласында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ұйымдастырған Халықаралық жұмыс кездесуіне қатысты.

Іс-шара ашық диалог пен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту саласындағы озық тәжірибемен алмасу үшін маңызды алаңға айналды. Кездесу барысында қатысушылар өңірлік саясатты жетілдірудің негізгі бағыттарын, оның ішінде Өзбекстандағы Махалла қауымдастығының рөлін, ауылдық аумақтарды дамытуды, тиімді басқару институттарын қалыптастыруды, сондай-ақ IV деңгейдегі бюджеттерді және өңірлік стандарттар жүйесін енгізу мәселелерін талқылады.

Жергілікті жерлерде өмір сүру сапасын арттырудың және мемлекеттік органдар мен халық арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың практикалық тетіктеріне ерекше назар аударылды.

Мұндай кездесулер халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, үздік тәжірибелерді енгізуге және Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың тұрақты үлгілерін дамытуға ықпал етеді.