
Ағымдағы жылдың 27 наурызында мәслихат төрағасы Ә. Балташев мәслихаттың кезекті 51 сессиясының отырысын өткізді, оның күн тәртібінде келесі мәселелер қамтылды:
1) Жер ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі шаралар туралы: Аршалы ауданында жер учаскелерін алып қою, резервке қою және аукциондық өткізу.
2) Ауданның мәдениет мекемелерінің жағдайы мен дамуы, бұқаралық спортты және балалар-жасөспірімдер спорт секцияларын дамыту;
3) Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы;
4) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 37/7 «Аршалы ауданының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
5) Аршалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясындағы негізгі мәселе туралы.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша шешімдер шығарылды.