Кезектен тыс 50 сессияның отырысы

Кезектен тыс 50 сессияның отырысы

 

Ағымдағы жылдың 10 наурызында аудандық мәслихаттың төрағасы Ә. Балташев мәслихаттың кезектен тыс 50 сессиясының отырысын өткізді, оның күн тәртібінде аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 46/2 «Аршалы ауданының кент, ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу,  2025 жылғы 4 қарашадағы № 42/7 «Аршалы ауданының бюджеттік комиссиясының құрамын бекіту туралы»  мәселелер болды.

Қарастырылып отырған күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттар сұрақтар қойды, оларға ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т. Ниевина түсініктеме берді.

Қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.