Бiрсуат ауылдық округінің сайлаушыларымен кездесу

Бiрсуат ауылдық округінің сайлаушыларымен кездесу

2026 жылғы 27 ақпанда Бірсуат ауылдық округінің сайлаушыларымен 2025 жылғы атқарылған жұмыс қорытындылары туралы есеппен және алдағы референдум мәселесін түсіндірумен кездесу өткіздім.

Сонымен қатар, сайлаушылар аудандық мәслихат пен депутаттық корпустың жұмысы туралы ақпаратпен танысты.

Есеп беру кездесуі барысында тұрғындар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау, көшені жарықтандыру және мектепті жөндеуге қатысты сұрақтар қойды.

Қойылған мәселелер бойынша түсініктемелер берілді, ал кейбір мәселелер уәкілетті органдарға тиісті депутаттық сауалдар жіберу үшін бақылауға алынды.

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                         Ә. Балташев