Жібек жолы кентінің сайлаушыларымен кездесу

Жібек жолы кентінің сайлаушыларымен кездесу

2026 жылғы 21 ақпанда аудандық мәслихат депутаты Қ.Х. Сабиев Жібек жолы кентінің сайлаушыларымен кездесу өткізді, оның барысында депутат 2025 жылы атқарған жұмысы туралы хабарлады. Есеп беру кездесуі барысында тұрғындар өзекті және маңызды мәселелерді талқылады.

Мәселен, 8 шағын ауданның бір көшесінің тұрғындары орталық орталық сумен жабдықтауды жүргізу туралы, «Столичные раки» шағын ауданының тұрғындары көшені жарықтандыру тәртібі туралы өтініш білдірді. Кент әкімі қаржыландыру болған жағдайда осы жұмыстарды орындау мүмкіндігі қаралатынын хабарлады.

Сондай - ақ, инфрақұрылым-су, жарық, газ мәселелері бойынша өзінің кентке қызмет көрсететін ұйымының болуы қажеттігі мәселесі көтерілді. Бұл мәселе де қарастыру үшін қабылданды.

Барлық мәселелер бойынша түсініктемелер берілді, оларды шешу тәртібі түсіндірілді.