
2026 жылғы 30 қаңтарда Аршалы аудандық мәслихатының депутаты А.Н. Анюхинаның Аршалы кентінің тұрғындарымен өткізген есептік кездесуіне қатыстым.
Депутат өз сөзінде кент халқының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстың негізгі бағыттары мен іске асырылған шараларды белгілей отырып, 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Талқылау барысында тұрғындар белсенді сұрақтар қойып, оларды толғандыратын әлеуметтік мәселелерді айтты. Атап айтқанда, тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Гемодиализ тақырыбына ерекше назар аударылды-кездесуге қатысушылар пациенттерге төлемдер қарастырыла ма және олар қандай тәртіппен жүзеге асырылады деген сұрақтар қойды. Сондай - ақ, жол қозғалысы қауіпсіздігі, атап айтқанда Жеңіс көшесінде тротуарларды жайластыру қажеттілігі мәселелері көтерілді.
Барлық айтылған сұрақтар бойынша түсіндірме жауаптар берілді. Бірқатар өтініштер бойынша тиісті сауалдарды одан әрі қарау және шаралар қабылдау үшін уәкілетті органдарға жіберу туралы шешім қабылданды.