Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының отырысы  

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының отырысы   

Ағымдағы жылғы 19 желтоқсанда мәслихат төрағасы Ә. Балташев мәслихаттың кезекті 45 сессиясының отырысын өткізді, оның күн тәртібінде келесі мәселелер қамтылды:

1) 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы;

​2) 2026 жылға арналған Аршалы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға,  кенттер, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы;

3) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

4) Аршалы аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы;

​5) Aудандық мәслихаттың кезекті сессиясындағы негізгі мәселелер, сондай-ақ басқа да мәселелер туралы.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша шешімдер шығарылды.