
Ағымдағы жылдың 17 желтоқсанында Жібек жолы кентінде Аршалы аудандық мәслихатының депутаттары мен Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Р.Ж. Шамкеновтың қатысуымен көшпелі депутаттық сағат өтті.
Сапар аясында депутаттар атқарушы органдар мен жергілікті қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп бірқатар маңызды нысандарды аралады:
- «Шаңырақ» ЖШС су қысымы резервуары (4 шағын аудан);
- «Инсект» ЖШС резервуары (8 шағын аудан);
- «Байсын-А» ЖШС сумен жабдықтау объектісі (6 шағын аудан);
- «ЭЛМО» ЖШС өндірістік базасы (6 шағын аудан).
Аралау қорытындысы бойынша Жібек жолы кенті әкімдігінің ғимаратында Аршалы ауданы әкімінің, бейінді бөлімдер басшыларының және қоғамдық өкілдерінің қатысуымен депутаттық сағат форматында кеңейтілген кеңес өтті.
Талқылау барысында сумен және электрмен жабдықтауға, әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымның жай - күйіне қатысты негізгі мәселелер қозғалды.
Барлық аталған проблемалар хаттамаға енгізілді, жұмысқа қабылданды және депутаттық бақылауға алынды. Жекелеген мәселелер бойынша уәкілетті органдарға ресми депутаттық сауалдар жіберілетін болады.