депутаттық сағат

депутаттық сағат

2025 жылғы 25 қарашада Аршалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихат төрағасы Ә. Қ. Балташевтың төрағалығымен депутаттық сағат өтті. 

Күн тәртібінде Аршалы кентінің бірінші қазандығында жылыту маусымының ағымдағы жағдайы мен өту барысы туралы мәселе қаралды. «Аршалы СУ-2030» ШЖҚ МКК директоры Х.Қ.Барлыбай  баяндама жасады. 

Талқылау аясында көмір қазандықтарын жеткізуді жүзеге асыратын «Азия Котломаш» ЖШС мердігерлік ұйымының өкілдері де қатысты. 

Отырыс барысында депутаттар жұмыстардың орындалу мерзіміне, орнатылған жабдықтардың сапасына және Аршалы кентінің әлеуметтік нысандары мен тұрғын үйлерінің жылумен қамтамасыз етілуіне қатысты бірқатар сұрақтар қойды. Талқылау конструктивті түрде өтті. Айтылған  мәселелер бақылауға алынды.