
2025 жылғы 12 қарашада Аршалы аудандық мәслихатының депутаты Г. Ахимова «AMANAT» партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.
Қабылдау барысында аудан тұрғындары депутатқа түрлі сұрақтармен жүгінді. Атап айтқанда, кезекте тұрған азаматтардың тұрғын үй алу мәселелері көтерілді — осы мәселе бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде түсініктемелер берілді.
Сондай-ақ, ауылдық округтердің бірінде мемлекеттік мүлікті жекешелендіру мәселесі талқыланып, оған түсініктемелер айтылды.
Бұдан басқа, жер мәселелері бойынша, оның ішінде жер үлестеріне қатысты өтініштер келіп түсті.
Депутат барлық өтініштер бойынша түсініктемелер берді, мәселелердің бір бөлігі құзыретті органдармен одан әрі зерделеу және өзара іс-қимыл жасау үшін бақылауға алынды.