
Ағымдағы жылдың 4 қарашасында аудандық мәслихатының төрағасы Ә. Балташевтың, аудан әкімінің орынбасары А. Бекбаевтың, ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т. Ниевинаның, ауданның ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы С. Инсебаевтың қатысуымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс 42 сессиясының отырысын өткізді, онда Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 29/2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Аршалы ауданының Жібек жолы ауылдық округіне қарасты 41, 102 разъездтердің шекараларын (сызығын) белгілеу туралы мәселелер тиісті шешімдер қабылдаумен қарастырылды. Сондай-ақ, мәслихат шешімдерімен аудан әкімдігі комиссияларының құрамына өзгерістер енгізілді. Сессия отырысы аяқталғаннан кейін прокуратура, ауданның мемлекеттік кірістер басқармасы, кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалы өкілдерінің қатысуымен оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы мәселені қараумен депутаттық сағат өткізілді, оның барысында депутаттық сағатқа қатысушылар мен депутаттар осы мәселе бойынша пікір білдірді.