Қарттар күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Қарттар күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Осы айтулы мерекеде біз Аршалы ауданының аға буын өкілдерін құрмет тұтамыз. Үлкендердің даналығына, тәжірибесіне, біліміне, еңбегіне деген терең құрмет пен ризашылық көрсету дәстүрлерін ұстанамыз. Сіздің мемлекетіміздің нығаюына қосқан үлесіңізді асыра бағалау қиын.
Бұл күні біз қарттарымызға деген қамқорлығымыз бен құрметімізді барынша тағы бір мәрте көрсетуге, ерекше ілтипат танытуға тырысамыз. Өскелең ұрпақ үшін әр салада өзіндік қолтаңбасын қалдырған көнекөз қарияларымыздың орны ерекше. Біздің парызымыз - Сіздерге жан - жақты көмек пен қолдау көрсету, көңіл бөлу және қамқорлық жасау.
Құрметті жерлестер! Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Шын жүректен дендеріңізге саулық, ұзақ өмір, сарқылмас қуат және отбаслық амандық тілейміз!