Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізіліп, онда Аршалы желілік-техникалық цехының бастығы Н. Төлебаев Аршалы ауданы аумағында «Қазақтелеком» АҚ телефон байланысы қызметтерін көрсету және интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша, «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы Ж. Қайырмденов Аршалы ауданының білім беру ұйымдарының 2025-2026 оқу жылына дайындығы және ауданның білім беру саласындағы кадрлық қамтамасыз етудің жай-күйі мәселесі бойынша, «Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ сектор меңгерушісі Г. Ивликов Аршалы ауданында егін жинау науқаны мәселесі бойынша тыңдалды. Сондай-ақ, мәслихаттың кезекті XLI сессиясының отырысы аудан әкімі Д. Есжановтың өзіне жүктелген функциялардың, міндеттердің орындалуы және ауданның одан әрі даму перспективалары туралы есебімен және «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы Ж. Дүйсеновтың 2025-2026 жылдардағы қысқы кезеңде ауданның коммуналдық шаруашылығын жылу жүйелері мен жолдардың жұмысына дайындау мәселесі бойынша есебімен талқыланды.