Ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінде аудан әкімі Д. Есжановтың, әкімінің орынбасары Е. Жолымбетов пен ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т. Ниевинаның қатысуымен аудандық мәслихаттың XL кезектен тыс сессиясының отырысы өткізілді, онда келесі мәселелер қаралды.
1) Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 29/2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 30/2 «2025-2027 жылдарға арналған Аршалы ауданының кент, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3) Аршалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 шілдедегі № 28/5 «Аршалы ауданы әкімдігінің жеке құрамын келісу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
4) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 37/7 «Аршалы ауданының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
5) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
6) Аршалы ауданының әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
Сессия барысында депутаттар қолданыстағы шешім жобалары бойынша сұрақтар қойды.
Сессия қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер туралы шешімдер қабылданды.