Ағымдағы жылдың 21 тамызында Аршалы аудандық мәслихатының депутаты Б. Қытайбеков Елтоқ және Арнасай ауылдық округтерінде азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар бірқатар өзекті мәселелермен жүгінді, олар:
- қаңғыбас иттер мәселесі;
- жайылымдық жерлердің тапшылығы;
- 42-ші разъезге жолды грейдерлеу қажеттілігі;
- елді мекендерді абаттандыру мәселелері.
Барлық өтініштер бойынша депутат түсініктеме берді. Жекелеген мәселелер кейіннен уәкілетті органдарға жіберу үшін бақылауға алынды.