Аршалы аудандық мәслихатының ауданның округтік сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындар туралы хабарламасы

Аршалы аудандық мәслихатының ауданның округтік сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындар туралы хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10–бабына сәйкес,  Аршалы аудандық мәслихаты шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына № 5, № 6, № 7, № 8 округтік сайлау комиссияларының мүшелерін ұсыну рәсімінің басталғаны туралы хабарлайды.

Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін тиісті мәслихаттар саяси партиялардың ұсыныстары негізінде, ал саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда - өзге де қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары бойынша сайлайды.

Әрбір саяси партия мен қоғамдық бірлестік тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партиялар сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партиялардың мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды, ал қоғамдық бірлестіктер осы қоғамдық бірлестіктердің мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2025 жылғы 31 шілдеден 14 тамызға дейін (қоса алғанда) аудандық мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі);

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері аудандық мәслихаттың сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссияларының құрамына ұсынылатын тұлғалар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшелері Аршалы ауданының аумағында тұруы тиіс.

Мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылдың 15 тамыз аралығында дейін дүйсенбіден жұма аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жүзеге асырылады, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Мәслихаттың орналасқан жері: Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Тәшенов көшесі, 47.

Жауапты тұлға – Пасечник Татьяна Анатольевна, байланыс телефондары: қызметтік 8 /71644/ 2-19-89,  ұялы телефон 8-701-66-44-36, электрондық поштаның мекен-жайы arch_maslihat@mail.ru.

 

Аршалы аудандық мәслихаты

Өтініші нысаны

Кандидатуралар туралы мәліметтер