Ағымдағы жылдың 08 шілдесінде Аршалы аудандық мәслихатының депутаты М. Түгелбаев Константинов ауылдық округінде азаматтарды жеке қабылдауды өткізді. Қабылдау барысында тұрғын Белоярка ауылынан Алматы-Екатеринбург автотрассасына дейінгі автожолды орташа жөндеуді аяқтауға қатысты мәселемен жүгінді. Осы мәселе бойынша мердігер ұйыммен шарт жасалғаны және жөндеу жұмыстары жақын арада басталатыны хабарланды.