Азаматтарды жеке қабылдау

Азаматтарды жеке қабылдау

Ағымдағы жылдың 19 маусымында Аршалы аудандық мәслихатының депутаты А. Анюхина «AMANAT» партиясы филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.

Кент тұрғындары қабылдау барысында «е-Otinish» жүйесі арқылы өтініштер жасауға және беруге көмек көрсету, жазғы каникул кезеңінде жұмысқа орналастыру, сондай-ақ аз қамтылған отбасына демеушілік көмек көрсету мәселелерімен жүгінді.

Қабылдау қорытындысы бойынша: «е-Otinish» арқылы өтінішті дайындауға және жіберуге көмек көрсетілді, өтініш білдіргендердің бірі екі айға жұмысқа орналастырылды және азық-түлік жиынтығы түрінде демеушілік көмек көрсетілді.