Мәслихаттың тұрақты комиссиясының және кезекті сессиясының отырысы

Мәслихаттың тұрақты комиссиясының және кезекті сессиясының отырысы

Ағымдағы жылдың 30 мамырында экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті, онда 2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы, сондай-ақ «Аршалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы»  РММ 2024 жылға арналған салық алымдарының және аудан бюджетіне төленетін басқа да міндетті төлемдердің толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы» мәселелер қаралды. Сондай-ақ, XXXVI кезекті сессия өткізілді, онда «2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» жылдық есепті бекіту туралы, Аршалы ауданының басқару схемасын бекіту туралы, Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының негізгі мәселелері туралы қарастырылды. Сессияның күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша шешімдер шығарылды.