Меню
Страницы

Аудандық мәслихат депутаттарының, Аршалы кентінің және ауылдық округтерінің әкімдері, дербес бөлімдердің және басқа да ұйымдардың басшылары, сонымен қатар аудан тұрғындарының назарына

Аудандық мәслихат депутаттарының, Аршалы кентінің және ауылдық округтерінің әкімдері, дербес бөлімдердің және басқа да ұйымдардың басшылары, сонымен қатар аудан тұрғындарының назарына

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 25 қыркүйекті сағат 12.00-де аудандық әкімдіктің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының 58 кезекті сессиясы шақырылатынын хабарлаймыз.

Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі:

1) Аршалы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялардың, міндеттердің орындалуы және ауданның одан әрі даму перспективалары туралы есебі туралы;

2) 2026-2027 жылдардағы қысқы кезеңде ауданның коммуналдық шаруашылығын жылу жүйелері мен жолдардың жұмысына дайындау барысы туралы;

3) Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 45/2 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

4) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 10/3 «Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы;

5) Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 21 қарашадағы № 43/3 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

6) Аршалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясының негізгі мәселелері туралы.

         Аудандық мәслихат сессиясының онлайн-трансляциясы Facebook парақшасында (Аршалы аудандық мәслихаты) өткізіледі.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері