Көкшетауда 100-ге жуық депутат, ардагерлер мен мемлекеттік қызметшілер шахмат тақтасында шайқасты

Көкшетауда 100-ге жуық депутат, ардагерлер мен мемлекеттік қызметшілер шахмат тақтасында шайқасты

Облыс орталығында ҚР Парламенті Сенатының бастамасымен ұйымдастырылған «Senat Open» шахматтан екінші Ашық Кубоктың іріктеу кезеңі аяқталды. Оған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, өңірлік Қоғамдық кеңес мүшелері және басқа да ойыншылар қатысты.

Іс-шараның басында қатысушыларға Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Тұрловтың бейне жолдауы көрсетілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнирдің міндеті - саяси қайраткерлер, барлық деңгейдегі депутаттар мен жұртшылық өкілдері арасында шахматты насихаттау; қазақстандық Шахмат федерациясының атқарушы дирекциялары мен жергілікті жерлерде өкілді билік органдары арасындағы берік байланысты нығайту; жергілікті атқарушы билік органдарының назарын шахмат спортын дамытуға аудару.

Турнирді ұйымдастыруға дене шынықтыру және спорт, ішкі саясат, мәдениет, білім басқармалары және басқа да мемлекеттік мекемелер қолдау көрсетті.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша жеке есепте Атбасардан Баянбек Бақтыбаев үздік атанды. Сонымен қатар номинациялар бойынша үздік ойыншылар анықталды. «Үздік депутат» номинациясында Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Мереке Жүсіпов марапатталды. БАҚ өкілдері арасында «Жаңа бастау» Қосшы газетінің бас редакторы Дәулетқали Асауов үздік ойыншы болып танылды. Бурабай ауданынан келген Валентина Шакирова әйелдер арасында үздік шахматшы болып танылды. Зеренділік Қайрат Тайжанов мәслихат қызметкерлері арасында үздік атанды. Мемлекеттік қызметшілер арасында бірінші орынға Қайрат Хасенов ие болды.

Ойын нәтижелері бойынша Астрахан, Степногорск және Жақсы ауданының командалары тиісінше жалпы командалық 3, 2 және 1 орындардың иегерлері атанды. Жеңімпаздарға марапаттарды Ақмола облыстық мәслихаты төрағасының м. а. Саят Сыздықов табыс етті.

Турнир қорытындысының номинациялар бойынша 1-4 орын алған шахматшылар және әр команданың үздік ойыншыларының бірі шілде айында Көкшетауда өтетін жартылай финалға жолдама алады.

Жартылай финал Павлодар, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының командаларының қатысуымен өтеді.  «Senat Open» шахмат бойынша Ашық Кубоктың финалдық ойындары тамыз айында Астанада өтеді.

 

 Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі