Көкшетауда Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті

Көкшетауда Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті

Кеңес шешімдерді әзірлеу, ұстанымдарды үйлестіріп тәжірибе алмасу үшін негізгі алаң болып табылады. Мұнда мәслихаттардың басымдықтары мен оларды іске асыру жолдары туралы жалпы түсінік қалыптасады, бұл мемлекеттік саясатты тиімді жүргізуге және азаматтардың мүдделерін есепке алуға ықпал етеді.

Кеңес қатысушыларына Қазақстан Республикасының жаңа Бюджет кодексінің ережелері түсіндірілді. Бұл өзгерістер бюджет процесін ретке келтіруге, ашықтықты, қаржылық тәртіпті және бюджет қаражатын пайдаланғаны үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

"Жергілікті жердегі өкілдер ретінде біз үшін бұл нормалардың мәслихаттар жұмысында қалай қолданылатынын, қандай өзгерістер енгізілетінін және олардың іс жүзінде орындалуын қалай қамтамасыз ету керектігін түсіну өте маңызды", - деп атап өтті облыстық мәслихат төрағасы Б.Жүсіпов.

Сондай-ақ, мәслихат өкілдеріне Қазақстанда жасанды интеллекттің дамуы және жасанды интеллекттің тиімді құралдарын қолдану туралы айтылды.

Бұл жай ғана жаһандық тренд емес-бұл мемлекеттік басқарудың, оның ішінде өңірлік деңгейде тиімділігін арттырудың нақты ресурсы. Сондай-ақ, мәслихаттар цифрлық трансформацияға қатысуы, жасанды интеллектті аналитикалық және ұйымдастырушылық жұмыста, жоспарлау мен шешім қабылдауда пайдалануы тиіс.