ҚР Парламенті Сенатының «Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі мемлекеттік қаржының рөлі» тақырыбындағы семинарына Ақмола облыстық мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов қатысты.
Семинардың мақсаты - жаһандық тәжірибелерді, құралдар мен әдіснамаларды талқылау, сондай-ақ климаттың өзгеруіне қарсы күрес, энергетикалық ауысу және теңсіздікті азайту сияқты негізгі бағыттар бойынша фискалдық саясаттың ұлттық контекст мәселелері бойынша диалог жүргізу.
Семинар ТДМ-ға қол жеткізу үшін БҰҰДБ-ның мемлекеттік қаржы мәселелері жөніндегі жаһандық сарапшыларының қатысуымен өткізіледі.
Іс-шараға Сенат Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина, Сенат пен Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу институттарының, халықаралық ұйымдар мен жергілікті өкілді органдардың өкілдері қатысты.
Тұрақты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі парламенттік комиссияны Парламент 2023 жылы құрды. Содан бері Комиссия қоршаған ортаның ластануы, суды басқару, таза энергия, денсаулық сақтау, білім беру, гендерлік теңсіздік, жерді тұрақты пайдалану және ESG аспектілері сияқты маңызды ТДМ мәселелері бойынша бірнеше пленарлық отырыстар өткізді.