Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Сіздерді ең маңызды және қасиетті мерекелердің бірі — Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

9 мамыр - Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі жолында Ұлы Отан соғысы жылдарында жан аямай шайқасқан ерлер мен әйелдердің ерен ерлігіне арналған ортақ құрмет пен ұрпақ мақтанышының күні. Бұл – бейбіт өмір мен азат болашақ үшін жанын пида еткен батырлардың рухына тағзым етіп, майдангерлерге, тыл еңбеккерлеріне, жесір аналар мен соғыс балаларына алғыс білдіретін күн.

Биылғы мереке – Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен тұспа-тұс келіп, ерекше мәнге ие болды. Бұл – біз үшін тек тарихи күн емес, сонымен қатар бейбітшіліктің қадірін, ұрпақтар арасындағы байланыс пен батырлық мұраны сақтау жауапкершілігін еске салатын тағылымды мезет.

Қазақстандықтардың, соның ішінде ақмолалықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі шынымен де баға жетпес. Біздің бір жарым миллионнан астам отандастарымыз майданға кетіп жүздеген мың адам үйлеріне оралмады. Ақмола жері, бүкіл Қазақстан сияқты, сол қиын жылдары майдан үшін тірек болды: мұнда эвакуацияланған кәсіпорындар ашылды, қоныс аударған отбасылар тұрып, жұмыс істеді, ересектер мен балалар әскерге терін төгіп көмектесті.

Бүгін – соғыстың ащы шындығын ұмытпауға, қаза тапқан боздақтарды құрметпен еске алуға, жанымызда жүрген ардагерлерге қамқорлық танытуға тиісті күн. Біз осы тарихи шындықты, батырлар ерлігін және бейбіт өмірдің құндылығын келер ұрпаққа аманаттау – қасиетті борышымыз деп білеміз.

 

Құрметті ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, жерлестер!

Сіздерге шын жүректен денсаулық, бейбітшілік, отбасылық амандық және ертеңгі күнге сенімділік тілеймін. Әр үйде тыныштық, жылулық орнасын.  Осы күн тарихымызда мәңгі сақталсын.

Ұлы Жеңіс Күні құтты болсын!

 

Құрметпен,

Бейбіт Жүсіпов,

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы